"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тарифтеріне өзгертулер енгізгені туралы хабарлады

20.04.12 17:19
/KASE, 20.04.12/ – Бағалы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 19 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2012 жылғы 1 мамырдан бастап телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне жаңа тарифтер енгізіледі. Бұйрық телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді қайта баланстаудың кезекті кезеңін өткізу аясында шығарылды. Осы жоспардың аясында телекоммуникация қызметтерінің тарифтерін төмендету бойынша шаралар өткізілді. Осылайша, ағымдағы жылда "Megaline Hit" тарифтік жоспары бойынша "Megaline" Интернет желісіне кең жолақты ену қызметтеріне айлық төлем 10% (400 теңгеден астам сомаға) төмендеді, "Megaline Hit Optima" тарифтік жоспары бойынша - 5% (175 теңгеге),"Megaline/iD Net Drive" - 12,5% (700 теңгеге). Оған қоса, Megaline қызметіне қосылу қызметінің төлемі - 6% (423 теңгеге), сонымен қатар, заңды тұлғалар үшін телефон желісіне қосылу - 26,5,% (7 123 теңгеге) және жеке кәсіпкерлер үшін 16% (3 763 теңгеге) төмендеді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_reliz_190412.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.