"Қазақстанның даму банкі" АҚ "Астана Контракт" АҚ және "Paragon Development" ЖШС компанияларынан қарызды өндіріп алу шарасын қайта бастайды

20.04.12 15:32
/KASE, 20.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 20 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Қарызды қайта құрылымдау Келісімі бойынша бұл қарызгер-компаниялар ҚДБ алдында өз міндеттемелерін орындамады. "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (ҚДБ немесе Банк) 2011 жылдың маусымында "Астана Контракт" АҚ және "Paragon Development" ЖШС компанияларымен (Қарызгерлер) қарызды қайта құрылымдау бойынша ортақ Келісіміге қол қойды деп хабарлаған. Алайда, бүгінгі күнге дейін бұл компаниялар аталған уағдаласқа сәйкес Банк алдындағы өз міндеттемелерін орындамай келеді. Атап айтқанда, акционерлердің кепілдігін, онын ішінде Kazakhstan Kagazy Plc. және Kagazy Recycling кепілін ұсыну шарттары орындалмаған. Сонымен қатар, акционерлер тарапынан Астана қаласында көлік-логистикалық орталық жобасын жүзеге асыру үшін қосымша инвестиция тарту жұмыстары өткізілмеген. Бүгінгі таңда Банк алдындағы міндеттемелері бойынша "Астана Контракт" АҚ және "Paragon Development" ЖШС компанияларының негізгі қарыз сомасы жалпы 8 млрд теңгеден астам құрайды. Қарызгер-компаниялар Келісім бойынша міндеттемелерін орындамай келе жатқанына байланысты ҚДБ "Астана Контракт" АҚ және "Paragon Development" ЖШС-дан мерзімі өткен қарызды қайтаруды талап етпекші. "Астана Контракт" АҚ және "Paragon Development" ЖШС Алматы қаласында орналасқан контейнерлік және қойма терминалдарының жекеменшік иелері және "ҚазақстанҚағазы" компаниясының тобына кіреді. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 2001 жылы құрылған. Банк қызметінің басты бағыттары - мемлекеттік инвестициялық қызмет тиімділігін көтеру және жетілдіру,өндірістік инфрақұрылым және өңдейтін өнеркәсіптерді дамыту, ел экономикасынаішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға көмектесу. цитата соңы