"Қазақстанның даму банкі" АҚ Ақтау халықаралық теңіз портын кеңейту жобасының екінші кезеңі аяқталғаны туралы хабарлады

20.04.12 15:14
/KASE, 20.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның даму банкі" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 19 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Желдер ықпалынан порттың акваториясын қорғайтын "толқын тосқы" гидротехникалық құрылысы іске тапсырылды. Ұзындығы 500 метрден астам "толқын тосқы" гидротехникалық құрылысы Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту Жобасының (Жоба) екінші кезеңі шеңберінде салынды. Жалпы сомасы 41,7 млрд. тенге құрайтын инвестициялық Жоба "Қазақстанның даму Банкі" АҚ (ҚДБ немесе Банк) көмегімен іске асырылуда. Банк 2009-2011 жылдары Жобаның алғашқы екі кезеңінің шеңберіндегі "мол" және "толқын тосқы" қорғаныш гидротехникалық құрылыстарды пайдалануға енгізу жұмыстарын қаржыландырды. Бүгінгі таңда ҚДБ Жобаның үшінші кезеніңде қаржыладыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл кезеңде теңіз түбін тереңдету жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, төртінші ақырғы Жобаның сатысында порттың қосымша инфрақұрылымы мен үш құрғақ жүк айлақты кешендері салынады. Жобаны толық іске асырғаннан кейін Қазақстанның жалғыз «теңіз қақпаларының» өткізу мүмкіндігі екі есе өседі. Порт жыл сайын 3 млн. тоннадан астам құрғақ жүкті қабылдай алады. Қосымша күштерді іске қосқаннан кейін Ақтау портында 364 жаңа жұмыс орны ашылады. Нысанды салу барысында 650 құрылысшы тартылуда. Ақтау порты Маңғышлақ аймағындағы уран өнеркәсібі мен мұнай кен орындарының өнімдерін тасымалдау үшін 1963 жылы салынды. Ақтау порты Каспий теңізінің шығысжағалауында орналасқан және Қазақстан Республикасының әртүрлі құрғақ жүктер мен мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған бірегей теңізпорты болып табылады. "Қазақстан Даму Банкі" АҚ 2001 жылы құрылды. Банк қызметінің басты бағыттары мемлекеттік инвестициялық қызмет тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестиция тарту болып табылады. цитата соңы