"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-індегі 51 % үлесін сату жөніндегі мәмілені жапқаны туралы хабарлады
19.04.12 15:19
/KASE, 19.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), биржаға
2012 жылдың 19 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп
хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ") "Kazakhstan Petrochemical
Industries Inc." ЖШС ("Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.) ("KPI")
жарғылық қорындағы 51% үлесін "Біріккен химиялық компания" ЖШС-не
сату жөніндегі мәмілені аяқтағанын жариялайды. "KPI" ЖШС "ҚР Атырау
облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешенінің
құрылысы" жобасының операторы болып табылады. "Біріккен химиялық
компания" ЖШС бұл жобадағы ҚМГ БӨ-дің үлесін 2009 жылдан бері сенімді
басқару негізінде басқарып келген. Мәміле 2012 жылдың 2 наурызында ҚМГ
БӨ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген болатын.
Мәміленің құны 4,86 млрд. теңге (төлем жасалған күнгі АҚШ доллары
бағамы бойынша 33,5 млн. доллар). Бұл мәмілені іске асыру нәтижесінде
ҚМГ БӨ инвестицияны жүзеге асырудан 4,86 млрд. теңге кіріс көреді.
Бастапқы инвестицияның сомасы сату бағасымен тең болғандықтан, бұл
табыстан салық алынбайды.
Бұл жобадағы үлесті сату ҚМГ БӨ-нің 2020 жылға дейінгі Стратегиясында
көрсетілгендей, Компанияны бейінді емес активтерден, соның ішінде мұнай-
химиясы бизнесінен шығаруға сай келеді.
АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді.
Компанияның өндіру көлемі "Қазгермұнай" БК ЖШС мен CCEL ("Қаражанбасмұнай")
және"ПетроҚазақстан Инк." компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы
12,3млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың
дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай
бойынша 226 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы
үлесті есептегенде 2,1 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның акциялары
Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор
Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания
2миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық
Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін "ВВВ-" деңгейінде және
2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін "GAMMA-6"
деңгейінде растады.
"Біріккен химиялық компания" ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің "химия
саласының жобаларымен айналысатын арнайы компания құру" жайында берген
тапсырмасын орындау мақсатында "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Директорлар кеңесінің шешімімен құрылған. Серіктестіктің негізгі міндеті –
Қазақстан Республикасында химия өнеркәсібін дамыту.
Байланыстық ақпарат:
"ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz
"ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)
Елена Добсон
е-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы