"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) брокерлік және номиналды ұстау қызметтерін көрсету бойынша "VISOR Capital" АҚ таңдағаны туралы хабарлады
16.04.12 17:44
/KASE, 16.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) биржаға
жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп хабарлады:
"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) брокерлік және
номиналды ұстау қызметтерін көрсету бойынша брокерлік ұйымды
таңдау бойынша өткізген конкурсының нәтижесі бойынша Басқарманың
20.03.2012 жылғы шешімімен "VISOR Capital" АҚ (ВИЗОР Капитал)
брокерлік ұйымы анықталды. Бұдан әрі "ДТЖ" АҚ облигацияларын
(ҰСН KZ2CKY23B672) сатып алуда бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушысы "VISOR Capital" АҚ-ының (ВИЗОР Капитал) қызметтері
пайдаланылатын болады.