KZ
6 шілде 2025, 04:30
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.04.2012 12:07 #Бағалы қағаздар

"Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

/KASE, 16.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Банктің тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған KZ1C33870011, KZ000A0LE0S4 жай акцияларының жалпы саны 2 400 000 000 дана, KZ1P33870117, KZ000A0LE0R6 артықшылықты акциялар саны – 600 000 000 дана, KZ1P33870216, KZ1P00000244 артықшылықты акциялар саны – 80 225 222 дана;
  • банктің 1 308 415 960 жай акциясы, 309 859 430 KZ1P33870117, KZ000A0LE0R6 артықшылықты акциясы және барлық KZ1P33870216, KZ1P00000244 артықшылықты акциясы орналастырылған;
  • банк өзінің 217 277 131 жай акциясын қайта сатып алды;
  • банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:

    -------------------------------------------------------------------------------
                                                            Артықшылықты
                                 Жай акциялар,                 акциялар,    Банктің
                     ------------------------- ------------------------- орналасты-
                               орналастырылған           орналастырылған рылған осы
                                  осы атаудағы              осы атаудағы   атаудағы
                                   акциялардың               акциялардың  акцяларыө
                                         жалпы                     жалпы  ның жалпы
                                     санындағы                 санындағы  санындағы
    Атауы                 дана        үлесі, %      дана        үлесі, %   үлесі, %
    ---------------- --------- --------------- --------- --------------- ----------
    "Алмэкс          755997382          57,78*         –               –      44,51
    "Холдингілік                                                                   
    тобы" АҚ                                                                       
    "Қазақстан Халық  66136771           5,05*  96715033          24,79*       9,59
    Банкінің ЖЗҚ" АҚ                                                               
    "Самұрык-Қазына"         –               – 196232499          50,31*      11,55
    Ұлттық әл-ауқат                                                                
    қоры" АҚ                                                                       
    -------------------------------------------------------------------------------
    *Аталған үзінді көшірмеге сәйкес KASE есептеді.
    

"Орталық бағалы қағаздар депозийтарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес аталған күні банктің 251 062 296 жай акциясының меншік иелері туралы ақпарат ашылмаған.