KZ
11 мамыр 2025, 18:15
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.04.2012 17:46 #KASE Индексі

KASE 2012 жылдың 01 мамырынан бастап KASE индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізімін анықтады

/KASE, 13.04.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE), "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2012 жылдың 13 сәуіріндегі шешімімен, 2012 жылдың 01 мамырынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізімі анықталды.

Аталған шешімге сәйкес 2012 жылдың 01 мамырынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізім өзгеріссіз қалдырылды.

Сонымен, 2012 жылдың 01 мамырынан бастап KASE Индексін есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады:

-------------------------------------------------------------------------
# п/п Акция коды ҰСН немесе ISIN Эмитент               Fi        Ri Үлесі
----- ---------- --------------- ------------------- ---- --------- -----
  1   CCBN        KZ1C36280010   " ЦентрКредит       76,3 1,0000000  27,2
                                 Банкі" АҚ                               
----- ---------- --------------- ------------------- ---- --------- -----
  2   GB_ENRC     GB00B29BCK10   EURASIAN NATURAL    95,1 0,0420450  18,6
                                 RESOURCES                               
                                 CORPORATION PLC                         
----- ---------- --------------- ------------------- ---- --------- -----
  3   GB_KZMS     GB00B0HZPV38   KAZAKHMYS PLC       95,1 0,0297442  42,2
----- ---------- --------------- ------------------- ---- --------- -----
  4   HSBK        KZ1C33870011   "Қазақстан Халық    95,1 0,2319611  24,7
                                 жинақ Банкі" АҚ                         
----- ---------- --------------- ------------------- ---- --------- -----
  5   KKGB        KZ1C00400016   "Қазкоммерцбанк" АҚ 82,2 1,0000000   7,3
----- ---------- --------------- ------------------- ---- --------- -----
  6   KZTK        KZ1C12280018   "Қазақтелеком" АҚ   95,1 0,2201191  22,2
----- ---------- --------------- ------------------- ---- --------- -----
  7   RDGZ        KZ1C51460018   "ҚазМұнайГаз"       95,1 0,0283975  38,5
                                 Барлау Өндіру" АҚ                       
-------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы.

Fi – 13.04.12 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 01.04.12 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр. млн АҚШ долларында көрсетіледі. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.05.12 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады.

Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр.

Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған уәкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі.

Әдістеме мәтіні KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.