"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
13.04.12 12:02
/KASE, 13.04.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атомдық
компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі
жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C35200019 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 36 692 361 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері, тиісінше, компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп
пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.