"БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлағаны туралы хабарлады
12.04.12 10:32
/KASE, 12.04.12/ – Облигацициялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың
11 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
"БТА Банкі" АҚ акционерлерінің 2012 жылдың 11 сәуірінде өткен кезектен
тыс жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің
жаңа мүшелерін сайлағаны туралы хабарлайды.
Аталмыш жиналыстың күн тәртібіне қосылған мәселені қарастыру
нәтижелері бойынша келесі шешім қабылданды:
- Несие берушілердің, алғы облигацияларды ұстаушылардың өкілі ретінде
"БТА Банкі" АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі болып Сергей Бабаян
сайлансын;
- Несие берушілердің, дисконты бар арнайы қарыз құралдарын
ұстаушылардың өкілі ретінде "БТА Банкі" АҚ Директорлар Кеңесінің
Мүшесі болып Яцек Бжезински сайлансын.
- "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілі ретінде "БТА Банкі" АҚ Директорлар
Кеңесінің Мүшесі болып Ерік Балапанов сайлансын.
- "БТА Банкі" АҚ Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Тәуелсіз Директор
болып Илкка Салонен сайлансын.
Осылайша, Кеңестің жаңа сайланған Мүшелерін есептегенде, "БТА
Банкі" АҚ Директорлар Кеңесінің құрамындағылар:
- Сайденов Анвар, Директорлар Кеңесінің Төрағасы, "Самұрық-
Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілі.
- Алина Алдамберген, Директорлар Кеңесінің Мүшесі, "Самұрық-
Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілі.
- Мұрат Байсынов, Директорлар Кеңесінің Мүшесі, "Самұрық-
Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілі.
- Ерік Балапанов, Директорлар Кеңесінің Мүшесі, "Самұрық-
Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілі.
- Сергей Бабаян, Директорлар Кеңесінің Мүшесі, несие берушілердің,
алғы облигацияларды ұстаушылардың өкілі.
- Яцек Бжезински, Директорлар Кеңесінің Мүшесі, несие берушілердің,
дисконты бар арнайы қарыз құралдарын ұстаушылардың өкілі.
- Юрки Талвитие, Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Тәуелсіз Директор.
- Булат Бабенов, Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Тәуелсіз Директор.
- Илкка Салонен, Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Тәуелсіз Директор.
БАҚ арналған байланыстар:
тел. +7(727) 266 43 22
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz