KZ
12 шілде 2025, 16:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.04.2012 15:51 #Бағалы қағаздар

"БТА Банк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржа ұсынды

/KASE, 10.04.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) "Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілген, "БТА Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы).

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған KZ1C34920013 жай акцияларының жалпы саны 55 258 029 745 дана, артықшылықты KZ1P34920119 акциялар саны – 100 000 дана;
  • банктің 44 209 411 924 акциясы орналастырылған, банктің артықшылықты акциялары орналастырылмаған;
  • банк өзінің 407 835 353 акциясын қайта сатып алды;
  • банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде банктің 36 021 892 863 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 81,48 %) бар.

"Орталық бағалы қағаздар депозийтарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес аталған күні банктің 6 887 141 146 жай акциясының (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 15,58 % ) меншік иелері туралы ақпарат ашылмаған.