"БТА Банк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржа ұсынды
10.04.12 15:51
/KASE, 10.04.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
"Бейлистингілік бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілген,
"БТА Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C34920013 жай акцияларының жалпы саны
55 258 029 745 дана, артықшылықты KZ1P34920119 акциялар саны –
100 000 дана;
- банктің 44 209 411 924 акциясы орналастырылған, банктің
артықшылықты акциялары орналастырылмаған;
- банк өзінің 407 835 353 акциясын қайта сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады,
оның иелігінде банктің 36 021 892 863 жай акциясы (банктің
орналастырылған акцияларының жалпы санынан 81,48 %) бар.
"Орталық бағалы қағаздар депозийтарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне
сәйкес аталған күні банктің 6 887 141 146 жай акциясының (банктің
орналастырылған акцияларының жалпы санынан 15,58 % ) меншік иелері
туралы ақпарат ашылмаған.