"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) ТМД бойынша ең ірі мәліметтерді өңдеу орталығынчң құрылысы басталғаны туралы хабарлады

06.04.12 11:36
/KASE, 06.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 05 сәуіріндегі баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Салтанатты іске қосу шарасына бейнеоконференцбайланыс арқылы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев және ТМД елдері бойынша Hewlett-Packard консалтинг бағытының басшысы Александр Рой қатысты. TIER3 деңгейінің талаптарына сай келетін ТМД бойынша ірі инновациялық жоба болып табылатын Деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) - Hewlett-Packard - Critical Facilities Services бөлімшесі мен "Қазақтелеком" АҚ бірлескен жобасы. Деректерді сақтау және өңдеу серверлерімен жабдықталған аумағы 1 000 ш.м. Дата-орталықта интернет-ресурстарының деректері орналастырылып, жүйелендіріледі және резервке қойылады, егелік атаулар тіркеледі және ғаламдық желі тұтынушыларына көптеген виртуалды және нақты қызмет түрлері көрсетіледі. "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, компанияның басым бағыттарының бірі инфрақұрылымды нығайту болып табылады. "Павлодардағы бірегей ДӨО "Қазақтелекомға" нарықта бөлектелген қызметтер көрсететін алғашқы өнім беруші болуына жол ашады", – деді ол өз сөзінде. Компания басшысы, сонымен бірге ол барлық жүйелерді толық резервтеуге мүмкіндік беретін сенімділігі жоғары дата-орталық болатынын атап өтті. Кез келген алдын алу және жөндеу жұмыстары кезінде клиенттерге сервис тоқтаусыз көрсетіледі. Қазіргі таңда компанияның 12 дата-орталығы бүкіл Қазақстан бойынша қызмет көрсетуде. Жоба дата-орталықтар салу бойынша әлемде көшбасшы болып табылатын Hewlett-Packard компаниясымен бірлесіп іске асырылуда. "НР-дің ДӨО құрылысындағы, қызмет көрсету мен түрлендірудегі халықаралық тәжірибесі Қазақстанды әлемдік АТ нарықта басты ойыншылардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді», – деп санайды Hewlett-Packard Қазақстандағы және Қырғызстандағы бас директоры Ерлан Дүйсенбин. Оның айтуынша, аталмыш жоба Қазақстанда жаңа инновациялық технологияларды алға жылжыту бойынша ел тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев дата-орталықтың жобалық әлеуетін жоғары бағалады. "ДӨО деректерді сақтау құралдары мен есептеуіш ресурстарының шоғырландырылуы техникалық құралдарды тиімді пайдалану мүмкіндігі есебінен, мысалы, жүктемені қайта бөлу, сондай-ақ әкімшілендіру шығыстарын қысқарту арқылы АТ- инфрақұрылымды иеленудің жиынтық құнын қысқартуға мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті ведомство басшысы. Дата-орталықты коммерциялық пайдалануға енгізу ағымдағы жылдың қыркүйек айына белгіленіп отыр. "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі цитата соңы