/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2012 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР-МАМЫР КЕЗЕҢІНЕ ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАРДЫҢ ТІЗІМІН ЖАСАДЫ

02.04.12 11:58
/KASE, 02.04.12, 26.03.12 жаңалықты қайталау/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2012 жылдың сәуір-мамыр кезеңіне өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімін жасады. Аталмыш тізімдерді Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2012 жылдың 26 наурызындағы шешімі негізінде бекітті және осы тізімдер, аталмыш тізімдерге кірген акцияларға "Сауда- саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" және "Маркет-мейкерлер қызметтерінің ережелері" атты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды. 2012 жылдың 23 қаңтарынан бастап Әдістемеге № 2 өзгертулер күшіне енгенін ескертеміз. Бұл өзгертулерде, сондай-ақ, түрлі өтімділіктің кластарындағы бағалы қағаздардың тізімін жасау тәртібі анықталған (Әдістеменің бұрынғы редакциясында бағалы қағаздар өтімділік кластары бойынша емес, өтімді және өтімсіз бағалы қағаздардың тізіміне бөлінген). Төменде өтімділіктің бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2012 жылдың 01 сәуірінен бастап 31 мамырына дейін жарамды болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) "Қазақтелеком" АҚ KZ1C12280018 (KZ0009093241, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK) жай акциялары; 2) "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі , бірінші санат, HSBK) жай акциялары; 3) "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTKp) артықшылықты акциялары; 4) "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, KASE ресми тізімі , бірінші санат, RDGZ) жай акциялары; 5) ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ KZ1P51460114 (KZ000A0RMTC3, KASE ресми тізімі , үшінші санат, RDGZp) артықшылықты акциялары; 6) KAZAKHMYS PLС GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі , бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялары; 7) "ЦентрКредит Банкі" АҚ KZ1C36280010 (KZ0007786572, KASE ресми тізімі , екінші санат, CCBN) жай акциялары; 8) "Қазкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 (KZ000A0JC858, KASE ресми тізімі , бірінші санат, KKGB) жай акциялары; 9) "SAT & Company" АҚ KZ1C54620014 (KZ1C00000553, KASE ресми тізімі, бірінші санат, SATC) жай акциялары; 10) "Mineral Resources of Central Asia" АҚ KZ1P43150112 (KZ1P00000467, KASE ресми тізімі , екінші санат, ZERDp) артықшылықты акциялары; 11) "БТА Банкі" АҚ KZ1C34920013 ("Листингілік емес бағалы қағаздар" секторы, BTAS) жай акциялары; 12) EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC GB00B29BCK10 (KASE ресми тізімі , бірінші санат, GB_ENRC) жай акциялары; 13) "Баян Сұлу" АҚ KZ1C24120012 (KZ1C00000165, KASE ресми тізімі, екінші санат, BSUL) жай акциялары. 2012 жылдың ақпан-наурыз кезеңіне жасалған өтімді акциялардың тізімімен салыстырғанда, 2012 жылдың сәуір-мамыр кезеңіне жасалған өтімділіктің бірінші класындағы акциялардың тізімі өзгерген жоқ. Өтімділіктің бірінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматылық уақытпен 11:30-ден 17:00-ге дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіліп, егер болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан бойынша 10 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады (мұнда франкфурттық сауда-саттық әдісі қолданылады). Өтімділіктің бірінші класындағы акциялардың маркет-мейкерлері үшін бағалы қағаздар бойынша ең үздік міндетті баға белгілеулер арасындағы спрэдтердің ең жоғарғы мәні 7 % мөлшерінде бекітілді. Өтімділіктің екінші және үшінші класындағы акциялардың сауда- саттығы биржада жұмыс күндері алматылық уақытпен 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Бұларда үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіледі, бірақ болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан бойынша 5 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады. Өтімділіктің екінші және үшінші класындағы акциялардың маркет-мейкерлері үшін бағалы қағаздар бойынша ең үздік міндетті баға белгілеулер арасындағы спрэдтердің ең жоғарғы мәні 10 % мөлшерінде бекітілді. 2012 жылдың ақпан-наурыз кезеңіндегі өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімідері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/likvid_2012_febr_march.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. 2012 жылдың сәуір-мамыр кезеңіндегі өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың тізімідері KASE веб-сайтында жақын арада жарияланады. Бұдан бұрын осы тақырыпта KASE келесі жаңалықтарын жариялаған болатын: - 2012 жылдың 13 қаңтарындағы "KASE Бағалы қағаздардың өтімділігінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесіне өзгертулер енгізді" – http://www.kase.kz/kz/news/show/1160530 - 2012 жылдың 13 қаңтарындағы "ҚҰБ ҚҚК Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне және Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне түзетулерді келісімдеді" – http://www.kase.kz/kz/news/show/1160541 - 2011 жылдың 28 қазанындағы "KASE Биржалық кеңесі Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне және Маркет-мейкер қызметіне ережелеріне енгізілген түзетулерді бекітті" – http://www.kase.kz/news/show/1150692 Сауда-саттық және Растау жүйесінің регламенті http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Маркет-мейкерлердің қызметтері ережелерінің 2012 жылдың 01 ақпанынан бері қолданылып келе жатқан нұсқасы http://www.kase.kz/files/normative_base/m_maker_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділіктерінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.