/KASE, 26.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрғаны "БТА Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың
22 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
"БТА Банкі" АҚ (бұдан әрі – "Банк") 2012 жылдың 21 наурызында Алғы
Облигацияларды Ұстаушылардың және Дисконты бар арнайы борыштық
құралдарды Ұстаушылардың жиналыстарында Несие берушілердің
мүдделерін қорғайтын Директорлар ретінде Директорлар кеңесінің
кандидаттары бекітілді деп хабарлайды:
- Сергей Бабаян (Алғы Облигацияларды Ұстаушылардың мүдделерін
қорғайтын Директор ретінде)
- Яцек Бжезинский (Дисконты бар арнайы борыштық құралдарды
Ұстаушылардың мүдделерін қорғайтын Директор ретінде)
Аталмыш кандидаттар Директрлар кеңесіндегі басқа екі орынға
кандидаттармен бірге Банктің Акционерлерінің 2012 жылдың 11 сәуірінде
өтетін Кезектен тыс Жалпы Жиналысында бекітілуге жіберіледі. Басқа
кандидаттар Банк тәуелсіз Директор ретінде ұсынған Илкка Салонен,
және Директорлар кеңесінің мүшелігі және Банктің Басқарма Төрағасы
лауазымдарына кандидат "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өкілі Ерик Балапанов
болып табылады. Барлық кандидаттардың биографиялық деректерімен
дүйсенбі, 26 наурыз күні Банктің www.bta.kz сайтында танысуға болады.
Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-
сайтында
http://www.kase.kz/ru/news/show/1164087 мекен-жайы бойынша
танысуға болады.