"Казкоммерцбанк" АҚ (Қазахстан) ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасының аяқталуы туралы хабарлады

05.03.12 16:14
/KASE, 05.03.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 05 наурызында жолдаған баспасөз-релизінде төмендегілер туралы хабарлады. Казкоммерцбанк "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ мемлекеттік бағдарламасының шарттарымен ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасын аяқтады. 2009 жылдапн бастап үш жыл аралығында Казкомның 7 720 несие алушысы өздерінің несиелері бойынша мемлекеттік қаржылар есебінен де, Казкомның өз есебінен де пайыздық мөлшерлемелерін төмендетуге қол жеткізді. "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ линия бойынша ҚР Үкіметі бөлген жалпы сомасы 24 млрд. теңге қаржысын түгел игеру нәтижесінде, 2009 жылы 5922 несие алушыға, соның ішінде 1491 әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне, несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелері төмендетілді. Осыға қосымша, 2010-2012 жылдар аралығында қайта қаржыландырылған несиелер бойынша түскен қаржылан есебінен, банк несие алушылардың тағы 1 571 ипотекалық несиелерін 7,4 млрд. теңгеге арзандатты және банктің өз ресурстары есебінен 227 ипотекалық несиені жалпы сомасы 1,7 млрд. Теңгеге арзандатты. Бағдарлама 2012 жылдың 23 ақпанында аяқталды. "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының негізгі мақсаты жаһандық қаржылық дағдарыстың және теңгенің құнсыздануының несие алушыларға әсерін азайту болып табылды. Мемлекеттік қызметкерлер үшін мөлшерлемеле 9%-ға дейін, ал қалғандарына – 11%-ға дейін төмендетілді.