"БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің штаттық және ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру туралы хабарлады

01.03.12 15:23
/KASE, 01.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 01 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "БТА Банкі" АҚ Банктің штаттық және ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бағдарламаның ақырғы мақсаты Банк бизнесінің тиімділігін арттыру болып табылады, әртүрлі бөлімшелердегі қайталамалы функцияларды жою және ағымдағы қызметкерлердің штаттық санын экономикалық жағдайдың талаптарына сәйкестендіру арқылы оның кірістілігін арттыру болып табылады. Бағдарлама бірыңғай функцияларды орталықтандыру және әмбебаптандыру есебінен ішкі бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған, бұл өз кезегінде Банкте шешімдердің қабылдау тұтастығын арттырады. Осы жобаны іске асыру Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және "Самұрық-Қазына" Ұлттық-әл-аухат қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Ө.Е.Шүкеевтің мемлекеттің қатысуымен компаниялардағы шығындарды оңтайландыру қажеттілігі жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда. "БТА Банкі бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын сақтай отырып, Банктің штаттық және ұйымдастыру құрылымын оңтайландыруға байланысты барлық процедураларды қолданыстағы заңнамаға және Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіп жатқандығын атап өткім келеді", - дейді Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Асхат Бейсенбаев. Оңтайландыру бағдарламасын іске асыру есебінен Банк қызметкерлерінің жалпы штаттық саны 25% қысқарды. Қызметкерлердің штаттық санын қысқарту және Банктің ұйымдастыру құрылымын қайта қалыптастыру нәтижесінде еңбек ақы төлеу қоры да сәйкесінше 25% қысқарады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btas_reliz_010312.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btas_reliz_010312_k.pdf – қазақ тілінде.