"Capital Hotels" АҚ (Қазақстан) "Manas Hotel" ЖШС 526,5 млн теңгелік несие қарызын өтегені туралы хабарлады

20.02.12 16:13
/KASE, 20.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Capital Hotels" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Capital Hotels" АҚ 2012 жылдың 09 ақпанында "Manas Hotel" ЖШС Еншілес компаниясы (Астана қ.) өзінің "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ-дағы несие қарызын мерзімінен бұрын 100 % толық өтегені туралы хабарлады. Жалпы сомасы 526 500 000 теңгені құрайтын қарыз қаражаты 2010 жылы қонақ үй ғимаратын сатып алуға, оны қайта құруға және "Manhattan Astana Hotel" (Астана қ.) іске қосуға тартылған болатын.