KZ
12 шілде 2025, 09:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.02.2012 16:20 #Корпоративтік уақиғалар

Fitch "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің (Қазақстан) және Банк втб ақ (Қазақстан) Еншілес Ұйымының рейтингілік бағалауларын растады

/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 13.02.12, Fitch Ratings ағылшын тілінен аударма, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings "Сбербанк" АҚ Еншілес банкінің (Қазақстан) (бұдан әрі - "Сбербанк" АҚ ЕБ") және ВТБ Банкінің (Қазақстан) (бұдан әрі - "ВТБҚ") шетелдік валютадағы ұзақмерзімді эмитент дефолтының рейтингілерін ("ЭДР") "ВВВ-" деңгейінде растады. Екі банктің де ЭДР бойынша болжамы - "Тұрақты". Рейтингілік әрекеттердің толық тізімі осы хабарламаның соңында берілген.

"Сбербанк" АҚ ЕБ және ВТБҚ эмитент дефолтының рейтингілері Fitch агенттігінің оларға, қажет болған жағдайда, өз иелерінің – тиісінше, Ресей жинақ банкінен ("Сбербанк", "ВВВ"/болжам "Тұрақты") және Банк ВТБ ААҚ ("ВТБ", "ВВВ"/болжам "Тұрақты") қолдау көрсетуі мүмкіндігінің жоғарылығы туралы пікірін білдіреді.

Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі мәтінінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады.