/Fitch Ratings, Лондон-Мәскеу, 13.02.12, Fitch Ratings ағылшын тілінен
аударма, KASE тақырыпшасы/ – Fitch Ratings "Сбербанк" АҚ Еншілес банкінің
(Қазақстан) (бұдан әрі - "Сбербанк" АҚ ЕБ") және ВТБ Банкінің (Қазақстан)
(бұдан әрі - "ВТБҚ") шетелдік валютадағы ұзақмерзімді эмитент дефолтының
рейтингілерін ("ЭДР") "ВВВ-" деңгейінде растады. Екі банктің де ЭДР
бойынша болжамы - "Тұрақты". Рейтингілік әрекеттердің толық тізімі осы
хабарламаның соңында берілген.
"Сбербанк" АҚ ЕБ және ВТБҚ эмитент дефолтының рейтингілері Fitch
агенттігінің оларға, қажет болған жағдайда, өз иелерінің – тиісінше,
Ресей жинақ банкінен ("Сбербанк", "ВВВ"/болжам "Тұрақты") және Банк
ВТБ ААҚ ("ВТБ", "ВВВ"/болжам "Тұрақты") қолдау көрсетуі мүмкіндігінің
жоғарылығы туралы пікірін білдіреді.
Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі мәтінінің толық нұсқасымен
KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/ru/news/show/1162589 мекен-жайы
бойынша танысуға болады.