"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Елбасының халыққа жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы хабарлайды

03.02.12 17:49
/KASE, 03.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 03 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы 2012 жылдың 3 ақпанында Астана қаласында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ кеңейтілген алқа мәжілісі болды. Кеңеске мүдделі мемлекеттік органдардың және структуралық бөлімшелердің, Қордың еншілес кәсіпорындарының өкілдері қатысты. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Қиинов компанияның 2011 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі қорытындылары, 2012 жылдың жоспарлары және Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға байланысты бірінші кезектегі шаралар туралы баяндап берді. "ҚазМұнайГаз" ҰК ағымдағы жылғы қызметі стратегиялық міндеттерді, оның ішінде ҚМГ-нің Қарашығанақ жобасына қатысуы, Қашаған кен орнында мұнай өндіруді, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры құрылысын және басқа да ірі жобаларды қамтамасыз етуге бағытталады, - деп атап көрсетті "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Л.Қиинов. Өз сөзінде Л.Қиинов 2012 жылғы жұмыстың бірнеше негізгі бағыттарын айқындап берді. Біріншіден, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Астана қаласы және еліміздің орталық аймақтарын газдандыру жобасын жүзеге асыруды одан әрі жалғастырады. 2012 жылы жобаны қаржыландыру мәселесін шешу және газ құбыры құрылысын бастау жоспарланып отыр. Екіншіден, "Атырау мұнай өңдеу заводында мұнайды терең өңдеу кешені құрылысы" жобасын жүзеге асыру 2016 жылы шикі мұнай өңдеу кәсіпорнының қуатын жылына 5,5 млн. тоннаға, мұнай өңдеу тереңдігін 87%, ашық түсті мұнай өнімдерін өңдеуді 77% дейін арттыруға, мотор отынының сапасын Евро-4 және 5 стандартына дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, Қазақстанды товар газымен қамтамасыз етуге тиісті Қарашығанақ газ өңдеу заводы құрылысының жобасы өте маңызды болып отыр. 2012 жылдың міндеттері – іздеу жұмыстарын жүргізу және жобалық- сметалық құжатты әзірлеу. Төртіншіден, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қатысуымен көмірсутегі шикізатын тереңдетіп өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірісін құруды және негіздік мұнай-химия өнімдері: полипропилен және полиэтилен шығаруды көздеп отырған "Атырау облыстық интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы" жобасын жүзеге асыру одан әрі жалғастырылады. - "Сонымен қатар Елбасы тапсырмаларын орындау шаралары аясында 2012-2016 жылдары активтердің құрылымын өзгерту бағдарламасы, сондай- ақ компанияның орталық аппараты санын ықшамдау жүзеге асырылады", - деп атап көрсетті Л.Қиинов. Құрылымды өзгерту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары 22%, компанияның штат саны 25% қысқарады деп жоспарланып отыр. цитата соңы