/ҚАЙТАЛАУ/ 2012 жылдың бірінші тоқсанында KASE бағалы қағаздар листингі мәселелері бойынша Дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр

31.01.12 13:00
/KASE, 31.01.12, 18.01.12 жаңалықты қайталау/ – Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан қор биржасы (KASE) биржадағы бағалы қағаздар листингі мәселелеріне, қатысты Дөңгелек үстелді өткізуді жоспарлап отыр. Шараға қатысуға листингілік компаниялардың (потенциалды листингілік компаниялардың), "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ тобы компанияларының және жинақтаушы зейнетақы қорларының өкілдері шақырылады. Дөңгелек үстелге қатысу үшін http://www.kase.kz/files/mix/Registration_form.pdf сілтемесі бойынша тіркеу үлгісін толтырып, оны 2012 жылдың 06 ақпанынан кешіктірмей pr@kase.kz электрондық мекен-жайына жіберу керек. Тіркеу формасында бағалы қағаздардың листингісіне, листингіден бұрынғы процедураларға, бағалы қағаздардың KASE ресми тізімінде болуына қатысты потенциалды қатысушылар Дөңгелек үстел барысында жауаптарын алғысы келетін немесе талқылағысы келетін сұрақтар міндетті түрде көрсетілуі тиіс. KASE өз тарабынан осы Дөңгелек үстелде төмендегіге қатысты мәселелерді талқылауды ұсынып отыр: - биржадағы бағалы қағаздар шығарылымы мен листингін заңды рәсімдеу қажеттілігі; - заңнамада болашақта болатын өзгерістер: жинақтаушы зейнетақы қорларының акцияларын міндетті листингілеу. Шараға қатысу тегін. Дөңгелек үстелдің потенциалды қатысушыларының жеткілікті саны тіркелгеннен кейін, шараның нақты күні және оның бағдарламасы бар ақпарат жарияланатын болады, сондай-ақ тіркелген қатысушыларға жеке шақыртулар жіберіледі.