KZ
9 мамыр 2025, 15:31
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.01.2012 12:02 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) өзінің 2011 жылдағы қызметінің нәтижелерін жариялады

/KASE, 31.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 30 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:

"Қазақтелеком" АҚ еншілес және тәуелсіз ұйымдардың қатысуымен кеңесу өтті, осы кеңесудің барысында 2011 жылдағы жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы жылдағы міндеттер анықталды.

Шоғырландырылған есеп берушілікке сәйкес, 2011 ж. қызметтерді өткізуден түскен табыс 173 436 млн теңгені құрады, таза табыс - 50 484 млн теңге, EBITDA – 65 291 млн теңге.

ҚР 100 адамына телефондық жиілік 24,05 тел., оның ішінде қалалық аймақта – 31,58, ауылды жерде – 15,0 тел.

CDMA-450 желісін кеңейту жұмыстарын өткізу нәтижесінде Оңтүстік- Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарының абоненттері Интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болды. Желінің қызмет көрсету аймағы 4596 ауылдық елді аймақты (504 базалық станция) қамтиды.

Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша танысуға болады.