"Казатомпром" ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтрарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
26.01.12 15:35
/KASE, 26.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Казатомпром" ұлттық атомдық компаниясы" АҚ (Алматы,
бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім
жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C35200019 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 36 692 361 дана;
- компанияның барлық акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз
тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана)
болып табылады.