KZ
17 шілде 2025, 03:50
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.01.2012 13:48 #Бағалы қағаздар

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) биржаға өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

/KASE, 25.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 389 143 450 дана;
  • компанияның барлық акциясы орналастырылған;
  • компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.