"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) биржаға өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
25.01.12 13:48
/KASE, 25.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана,
бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілім жүйесінің 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары) акцияларының
жалпы саны 389 143 450 дана;
- компанияның барлық акциясы орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және
одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
"Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.