"Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарsyдағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

25.01.12 13:36
/KASE, 25.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған (тек KZ1C47810011 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 2 119 519 дана; - банктің 2 066 525 акциясы орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық Әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады.