"Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарsyдағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
25.01.12 13:36
/KASE, 25.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың
01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған (тек KZ1C47810011 жай акциялары) акцияларының
жалпы саны 2 119 519 дана;
- банктің 2 066 525 акциясы орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, орналастырылған акцияларының
жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына
иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық Әл-ауқат қоры" АҚ (Астана)
болып табылады.