/KASE, 23.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" АҚ (Астана), өзінің келесі
облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің
көшірмесін биржаға ұсынды:
- KZ2C0Y10D596 (KZ2C00000156, KASE ресми тізмі, "Рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb2; 1 000 теңге, 120,0 млрд
теңге, 31.10.09 – 30.10.19; құбылмалы жарты жылдық купон, ағымдағы
купондық кезеңге жылдық 9,29 %; 30/360);
- KZ2C0Y03D773 (KZ2C00000164, KASE ресми тізмі, "Рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb3, 1 000 теңге,
248 650,0 млн теңге; 25.06.10 – 25.06.13; жылдық 7,00 % жарты жылдық
купон; 30/360);
- KZ2C0Y07D899 (KZ2C00000172, KASE ресми тізмі, "Рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb4; 1 000 теңге, 100,0 млрд
теңге; 09.11.10 – 09.11.17; 30/360).
Аталмыш өзгертулер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК)
2011 жылдың 30 желтоқсанынында тіркеп, "ҚазМұнайГаз" АҚ Директорлар
Кеңесінің құрамы өзгеруіне байланысты енгізілді.
Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kmgz мекен-жайы бойынша жарияланған.