/ҚАЙТАЛАУ/ 2012 жылдың бірінші тоқсанында KASE бағалы қағаздар листингі мәселелері бойынша Дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр

20.01.12 16:00
/KASE, 20.01.12, 18.01.12 жаңалықты қайталау/ – Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан қор биржасы (KASE) биржадағы бағалы қағаздар листингі мәселелеріне, қатысты Дөңгелек үстелді өткізуді жоспарлап отыр. Шараға қатысуға листингілік компаниялардың (әлеуетті листингілік компаниялардың) өкілдері, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компанияларының және жинақтаушы зейнетақы қорларының өкілдері шақырылады. Дөңгелек үстелге қатысу үшін http://www.kase.kz/files/mix/Registration_form.pdf сілтемесі бойынша тіркеу формасын толтырып, 2012 жылдың 06 ақпанынан кешіктірмей pr@kase.kz электрондық мекен-жайына жіберу керек. Тіркеу формасында әлеуетті қатысушылар міндетті түрде, жауабын алғысы келетін немесе талқылағысы келетін, бағалы қағаздар листингіне, листинг алдындағы процедураларға, бағалы қағаздардың KASE ресми тізімінде тұруына байланысты сұрақтарды көрсетуі тиіс. Қатысушылар талқысына ұсынылған мәселелерден басқа, KASE аталған Дөңгелек үстелде: - Бағалы қағаздар шығарылымының және биржадағы листингінің заңмен қорғалу қажеттілігі; - Болйын деп жатқан заннамадағы өзгерістер: жинақтаушы зейнетақы қорлары акцияларының міндетті листингі. Шараға қатысу тегін. Дөңгелек үстелдің потенциалды қатысушыларының жеткілікті саны тіркелгеннен кейін, шараның нақты күні және оның бағдарламасы бар ақпарат жарияланатын болады, сондай-ақ тіркелген қатысушыларға жеке шақыртулар жіберіледі.