KZ
12 шілде 2025, 07:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.01.2012 16:49 #Бағалы қағаздар

"Темірбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

/KASE, 18.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темірбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.

Банктің тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы).

Үзінді көшірмеге сәйкес:

  • банктің жарияланған KZ1C00260014, KZ000A1CTM18 жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 000 дана, KZ1P00260110, KZ000A1CTM26 артықшылықты акциялар саны – 5 000 000 дана;
  • банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
  • банк өзінің 96 765 артықшылықты акциясын қайта сатып алды;
  • банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген тұлғалар болып табылады:

    ----------------------------------------------------------------------------
                                               Жай акциялары,                   
                            ---------------------------------                  
                                                 осы атаудағы      Барлығы үлесі
                                              орналастырылған            банктің
                                                  акциялардың    орналастырылған
                                                        жалпы акцияларының жалпы       
    Атауы                             дана санындағы үлесі, %       санындағы, %      
    ----------------------- -------------- ------------------ ------------------
    "Самұрық-Қазына" ұлттық 15 980 933 000             79,90*              79,88
    әл-ауқат қоры" АҚ                                                           
    BANK OF NEW YORK         3 909 162 000             19,55*              19,54
    MELLON                                                                      
    ----------------------------------------------------------------------------
    * KASE осы үзінді көшірменің мәлімттері бойынша есеп шығарған.