KZ
9 мамыр 2025, 14:37
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.01.2012 12:34 #Бағалы қағаздар

ҚҰБ ҚҚК "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

/KASE, 06.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды.

Аталмыш өзгертулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 23 желтоқсанында тіркеп, "ЦентрКредит Банкі" АҚ Басқармасының құрамында болған өзгерістерге байланысты енгізілді.

Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жайы бойынша жарияланған.