"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ (Қазақстан) өзінің XS0373642585, US48667QAB14 (KMGZe1) халықаралық облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
10.01.12 10:57
/KASE, 10.01.12/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ (Астана)
2012 жылдың 02 қаңтарындағы өзінің XS0373642585, US48667QAB14
(KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы
қағаздар"санаты, KMGZe1; $1 400,0 млн; 02.07.08 – 02.07.13,
жарты жылдық купон жылдық 8,375 %; 30/360) халықаралық
облигациялары бойынша жетінші купондық сыйақысын төлеуі
туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат
жолдады
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
58 625 000,00 АҚШ долларын құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі
құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа
жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE
тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш
ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің
KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған
хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты
болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш
хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді.
Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа
шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы
тиіс.