"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y03D773 (KZ2C00000164, KMGZb3) облигациялары бойынша 3-ші купонын төлеуі туралы хабарлады
10.01.12 10:43
/KASE, 10.01.12/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ (Астана)
2011 жылдың 26 желтоқсанындағы өзінің теңгенің АҚШ долларына
девальвациясы деңгейі бойынша индекстелген KZ2C0Y03D773
(KZ2C00000164, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар
борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZb3, 1 000 теңге,
248 650,0 млн теңге; 25.06.10 – 25.06.13; жарты жылдық купон
жылдық 7,00 %; 30/360) облигациялары бойынша үшінші купондық
сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап,
ресми хат жолдады
Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы
6 543 263 698,88 теңге құрады.
KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына
сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы
қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың
растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы
қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына
орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты
болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен
құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған
ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы
тиіс.