/KASE, 09.03.11/ – "Темірбанк" АҚ-ның (Алматы) Қазақстан қор биржасының
(KASE) ресми тізімінде тұрған KZP07Y10C336 ипотекалық облигацияларын
(TEBNb18; 0,01 тенге, 10,0 млрд тенге; 15.03.10 – 15.03.20; құбылмалы
жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,00 %; 30/360)
ұстаушыларының өкілі болып табылатын "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы)
"Темірбанк" АҚ-ның 2011 жылдың 01 қаңтарына қаржылық жағдайын тексеру
актісін KASE-ге ұсынды.
Аталмыш тексеру актісімен KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/TEBN/tebn_akt_010111.pdf мекен-жайы
бойынша танысуға болады.