"ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ" ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМЫ" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) ИПОТКАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША КЕПІЛДІК ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРГЕНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

04.03.11 18:29
/KASE, 04.03.11/ – "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ-ның (Алматы) Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған: - KZ2C0Y07B224 (KZIKb6; 1 теңге; 5,0 млрд теңге; 01.06.04 – 01.04.11, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 7,09 %; 30/360); - KZPC1Y10B543 (KZIKb11; 1 теңге; 5,0 млрд теңге; 10.04.05 – 10.04.15, жартыжылдық купон жылдық 6,90 %; 30/360); - KZPC2Y12B547 (KZIKb12, 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 10.04.05 – 10.04.17; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,71 %; 30/360); - KZPC4Y10B547 (KZIKb16; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 15.01.07 – 15.01.17, инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 7,50 %; 30/360); - KZP03Y05C491 (KZIKb18; 1 теңге; 5,0 млрд теңге; 01.12.07 – 01.12.12; полугодовой купон 11,00 % годовых; 30/360), ұстаушыларының өкілі болып табылатын "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ-ның аталмыш облигацияларды ұстаушылардың алдындағы міндеттерінің орындалуының қамсыздандырылуы болып табылатын кепілдік мүлігінің 2011 жылдың 01 қаңтарына кепілдіктің тізілімі мәліметтері бойынша ішінара тексерілгенін хабарлап, Биржаға ресми хат жолдады. Өткізілген тексеріс негізінде "ЦентрКредит Банкі" АҚ былай деп хабарлады. Қамтылу және ипотекалық облигациялардың қамтылу коэффициентінің мәні облигациялар шығарылымы аңдатпасының және кепілдіктің келісім-шарты талаптарына сәйкес келеді. Купондық сыйақы мөлшерлемелері уақытылы және толық көлемде төленеді. Облигациялар ұстаушыларының алдындағы Эмитент міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын, мүлік жағдайын талдауды жүргізу үшін қажетті, ұсынылған ақпараттың нақтылығына "Темірбанк" АҚ АҚ-ның басшылығы жауап береді.