04 НАУРЫЗДАН " ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АҚШ ДОЛЛАРЫ БАҒАМЫНА ФЬЮЧЕРСТЕРДІҢ САУДА-САТТЫҒЫНА ЖІБЕРІЛДІ

04.03.11 18:29
/KASE, 04.03.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2011 жылдың 04 наурызынан бастап "Центр КредитБанкі" АҚ (Алматы) АҚШ доллары бағамына фьючерстердің сауда-саттығына жіберілді. Аталмыш шешім осы KASE мүшесінің "Мүшелік туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 23 тармағын орындауына байланысты қабылданды. Бұдан бұрын осы тақырып бойынша 2010 жылдың 24 желтоқсанында ""Центр КредитБанкі" АҚ (Қазақстан) KASE мерзімдік нарық мүшелігіне қабылданды" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1123033 мекен-жайы бойынша жарияланды.