"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБАТЫС ӨҢІРЛЕРІНІҢ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН ДАМЫТУ БОЙЫНША МӘЖІЛІСТІҢ ӨТКЕНДІГІН ХАБАРЛАДЫ

15.03.11 16:40
/KASE, 15.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстелеком" АҚ (Астана) 2011 жылыдң 14 наурызындағы баспасөз хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Орал қаласында "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевтің басшылығымен ҚР батыс өңірлеріндегі телекоммуникацияларды дамыту бойынша мәжіліс өтті. Модернизация мәселелері бойынша отырысқа компания басқармасының мүшелері, Телекоммуникациялардың Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстық дирекцияларының бас директорлары қатысты. Мәжіліс барысында аймақтың телекоммуникациялар желісінің кешенді бизнес-жоспары қарастырылды. Сондай-ақ Оралда iDCenter республикада алтыншы болып ашылды. Show- room салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақытқожа Измұхамбетов қатысты. цитата соңы