"ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ XS0245586903 (CCBNE3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 10-ШЫ КУПОНЫН ТӨЛЕУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

10.03.11 16:46
/KASE, 10.03.11/ – "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 03 наурызында өзінің XS0245586903 халықаралық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CCBNe3; $100,0 млн; мерзімсіз; 03.03.06 бастап айналымда, жартыжылдық купон жылдық 9,125 %, 30/360) оныншы купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 4 562 500,00 АҚШ долларын құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.