"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 01 СӘУІРДЕН БАСТАП ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН АЙ САЙЫНҒЫ ТӨЛЕМ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУСЫЗ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚАТЫНАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН АРТТЫРАТЫНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

31.03.11 15:48
/KASE, 31.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстелеком" АҚ 2011 жылдың 31 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді: цитата басы Интернет желісіне кең жолақты қосылыс қызметін одан әрі дамыту мақсатында, 2011 ж. 1 сәуірінен бастап ай сайынғы төлемді өзгертусіз, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қарастырылған 10 Мбит/с дейінгі деректерді тапсыру жылдамдығымен «Трафиктің (Unlimited) есебінсіз» тарифтік жоспарлары бойынша қатынау жылдамдығы екі есеге арттырылады. iD Phone қызметінің құрамына енетін Интернет желісіне кең жолақты қосылыс қызметінің тарифтік жоспарлары және сымсыз технологиялар базасындағы тарифтік жоспарлар ерекшеліктерді құрайды. "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс қызметі цитата соңы