"ҚАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2010 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ХАБАРЛАДЫ

03.03.11 11:56
/KASE, 03.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 02 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. Бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі туралы Ғаламдық келісім-шарттың мүшесі болып табылатын Қазкоммерцбанк 2010 жылғы әлеуметтік жұмысының қорытындысын ұсынады. Жұмыстың басым бөлігі "Құс Жолы" қайырымдылық қоры арқылы жүзеге асты. 2010 ж. банк демеушілік және қайырымдылық жобаларына 122 млн. теңгеден астам қаражат жұмсады. Банк акционерлері ғаламдық қаржы дағдарысы кезінде де демеушілік пен қоғамдағы маңызды жобаларды қаржыландыру мөлшерін қысқартпау туралы шешім қабылдады. Сонымен, соңғы төрт жылдың ішінде банк 450 млн теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетті. Ал оның басым үлесі қайырымдылыққа тиесілі. Ал, жалпы алғанда, банк өзінің коммерциялық жұмысын бастаған 1991 жылдан бері қайырымдылық пен демеушілік жобаларын жүзеге асыруға 18 млн. $ астам қаражат жұмсады. Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайла бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_020311.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_020311_.pdf – ағылшын тілінде.