"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y10D612 (KZTKB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА KZ2C00000826 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

18.03.11 12:41
/KASE, 18.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 15 наурызында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "Қазақтелеком" АҚ KZ2C0Y10D612 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZTKb2) KZ2C00000826 ISIN берді.