"ҚАЗАҚСТАН ҚАҒАЗЫ" АҚ ӨЗ ҚАРЫЗЫНЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАЛУЫ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША "ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АҚ-МЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

01.03.11 12:03
/KASE, 01.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.) 2011 жылдың 28 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп мәлімдеді. "Қазақстан Қағазы" АҚ (бқдан ары "Топ" немесе "Қазақстан Қағазы") Топ және Қазақстан Даму Банкі (бұдан ары "Банк") арасында жасалған, Банктік Займ Келісім-шарттарына қатысты екі жаққа тиімді келісімге қол жеткізу үшін Банкпен соттық алаңға шығуды көздеп отыр. Банкпен келіссөз жүргізу барысында Топ өзінің операциялық қызметінің нақты мүмкіндіктері мен ақша ағымына қарай, қарызды өтеу шарттарын қарастыруды ұсынды, бұл ретте Топ өзінің қаржылық міндеттемелерін толық өтейтінін алға тартты. Топ, Топтың Банк алдындағы қарызын қайта құрылымдау мәселесі бойынша Компаниямен келісімге келуі туралы өзінің ниетін білдірген, Банктің ең маңызды талаптарын орындауға міндеттелді. Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKAG/kkag_reliz_280211.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.