/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2011 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР-МАМЫР АЙЛАРЫНА ӨТІМДІ ЖӘНЕ ӨТІМСІЗ АКЦИЯЛАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

31.03.11 10:37
/KASE, 31.03.11, 24.03.11 жаңалықты қайталау/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анқтау әдістемесі" KASE жаңартылған ішкі құжатына сәйкес KASE айналысқа жіберілген акциялар арасынан 2011 жылдың сәуір-мамыр айларына өтімді және өтімсіз акциялар тізімдерін қалыптастырды. Осы тізімдер 2011 жылдың 24 наурызындағы Тәуекелдер комитетінің шешімімен бекітіліп, аталмыш тізімдерге кірген акциялаға "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" (Регламент) атты KASE ішкі құжатының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды. Төменде берілген өтімді акциялардың тізімі 2011 жылдың 01 сәуірінен бастап 31 мамырына дейін қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткішінің азаю тәртібінде тізбектелген): 1. "ҚазМұнайГаз" Барлау Шығару" АҚ KZ1P51460114 артықшылықты акциялары (KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZp); 2. "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ1C36280010 жай акциялары (KASE ресми тізімі, екінші санат, CCBN); 3. "Қазақтелеком" АҚ KZ1C12280018 жай акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTK); 4. "БТА Банк" АҚ KZ1C34920013 жай акциялары ("Листингіленбеген бағалы қағаздар", BTAS); 5. "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZ1C33870011 жай акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK); 6. "Казкоммерцбанк" АҚ KZ1C00400016 жай акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, KKGB); 7. KAZAKHMYS PLС GB00B0HZPV38жай акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS); 8. "ҚазМұнайГаз" Барлау Шығару" АҚ KZ1C51460018 жай акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, RDGZ); 9. EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC GB00B29BCK10 жай акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_ENRC); 10. "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 артықшылықты акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTKp); 11. "SAT & Company" АҚ KZ1C54620014 жай акциялары (KASE ресми тізімі, бірінші санат, SATC). 2011 жылдың бірніш тоқсанына қалыптастырылған өтімді акциялардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, жаңа тізімге "Баян Сұлу" АҚ KZ1C24120012 жай акциялары (KASE ресми тізімі, екінші санат, BSUL) "Kazcat" АҚ KZ1C43150016 жай акциялары (KASE ресми тізімі, екінші санат, ZERD) кірмеген. Еске саламыз, өтімді акциялардың сауда-саттығы биржада Алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіліп, акцияларды сатып алу және сату бағалары қиялысқан жағдайда, егер болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған мәміленің бағасынан 10 % айырмашылығы болса аялдау тәртібінде (франкфурттық сауда әдісі қолданылуымен) өткізіледі. Өтімді акциялардың маркет- мейкері үшін бағалы қағаздардың бағалары бойынша ең үздік баға белгілеулердің спрэдтарының максималды мәні 7 % көлемінде белгіленген. 2011 жылдың сәуір-мамыр айларына өтімді және өтімсіз акциялардың тізімі KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/likvid_04_05_2011.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Осы тақырып бойынша: - Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті – http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade_kaz.pdf - Маркет-мейкерлер қызметтерінің ережелері – http://www.kase.kz/files/normative_base/m_maker_kaz.pdf - Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдісі – http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf - 2011 жылдың 17 наурызындағы "/ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН/ KASE ӨТІМДІ ЖӘНЕ ӨТІМСІЗ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІН ӨЗГЕРТТІ" KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1131555 мекен-жайы бойынша жарияланған.