"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ID TV ЕНДІРУДІҢ АЯҚТАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

29.03.11 11:02
/KASE, 29.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2011 жылдың 28 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. "Қазақтелеком" АҚ Ақмола, Батыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында iD TV коммерциялық пайдалануға берді, сөйтіп, республиканың барлық аумағында сандық телехабар тарату қызметімен қамтуды аяқтады. Алғашқыда iD TV 2099 жылдың ақпанында Астана қаласында іске қосылды, ал 9 айдан кейін бұл қызмет Алматы және көптеген облыс орталықтарының тұрғындарына қол жетімді болды: Ақтау, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Талдықорған, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент. 2010 жылдың маусымынан бастап iD TV аудан орталықтары мен елді-мекендерде пайда болды. 2010 жылдың желтоқсанында iD TV қызметіне қосылу мүмкіндігі Қызылорда облысының тұрғындарына берілді. Сонымен, 2009-2010 жж. сандық телехабар тарату қызметін ұсыну территориясы 11 облысқа дейін кеңейтілді, ал абоненттік базасы 33 078 абонентке дейін (31.12.2010 жағдай бойынша) өсті, олардың 1% заңды тұлғалар құрайды. iD TV бұдан әрі дамыту преспективасында қосымша мүмкіндіктерді біртіндеп кеңейту және Интернет-сервистермен интеграция қызметін (түрлі ақпаратты алу, контентті орналастыру, мекен-жайлық жарнама және т.б.) арттыру жоспарланып отыр.