"ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ID TV ЕНДІРУДІҢ АЯҚТАЛҒАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ
29.03.11 11:02
/KASE, 29.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2011 жылдың 28
наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады.
"Қазақтелеком" АҚ Ақмола, Батыс-Қазақстан және Жамбыл облыстарында
iD TV коммерциялық пайдалануға берді, сөйтіп, республиканың барлық
аумағында сандық телехабар тарату қызметімен қамтуды аяқтады.
Алғашқыда iD TV 2099 жылдың ақпанында Астана қаласында іске қосылды,
ал 9 айдан кейін бұл қызмет Алматы және көптеген облыс орталықтарының
тұрғындарына қол жетімді болды: Ақтау, Атырау, Қостанай, Қарағанды,
Талдықорған, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент. 2010 жылдың
маусымынан бастап iD TV аудан орталықтары мен елді-мекендерде пайда
болды. 2010 жылдың желтоқсанында iD TV қызметіне қосылу мүмкіндігі
Қызылорда облысының тұрғындарына берілді. Сонымен, 2009-2010 жж.
сандық телехабар тарату қызметін ұсыну территориясы 11 облысқа дейін
кеңейтілді, ал абоненттік базасы 33 078 абонентке дейін (31.12.2010
жағдай бойынша) өсті, олардың 1% заңды тұлғалар құрайды.
iD TV бұдан әрі дамыту преспективасында қосымша мүмкіндіктерді біртіндеп
кеңейту және Интернет-сервистермен интеграция қызметін (түрлі ақпаратты
алу, контентті орналастыру, мекен-жайлық жарнама және т.б.) арттыру
жоспарланып отыр.