ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІ БЕЛОРУССИЯДАҒЫ ПОЛОЦКАЯ ГЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫНЫҢ БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАДЫ

04.03.11 12:22
/KASE, 04.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық Даму Банкі 2011 жылдың 03 наурызындағы баспасөз-хабаламасын KASE-ге ұсынып, былай деп хабарлады. Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) Беларусь Республикасындағы Полоцкая ГЭС-тің құрылысына 27,9 АҚШ доллары көлемінде алғашқы траншаны аударды. ЕАДБ және "Витебскэнерго" ("Витебскэнерго" РУК) арасындағы жобаны қаржыландыру туралы келісім-шартқа өткен жылдың қарашасында қол қойылды. Жобада Батыс Двина өзенінде электрлік қуаттылығы 21,75 МВт гидроэлектрстанциясының құрылысы қарастырылған. Станция жыл сайын 112 млн. кВтч электрэнергиясын өндіретін болады. Жобаның жалпы құны 142,7 млн АҚШ долларын құрайды. ЕАДБ тарапынан қаржыландыру көлемі – 99,8 млн. АҚШ доллары. Кредиттік келісім-шарт мерзімі – 10 жыл. Несие бойынша қамсыздандыру Беларусь Республикасының Мемлекеттік кепілдігі болып табылады. Жобаны "Витебскэнерго" РУК жүзеге асырады, ол республика аумағында электрэнергиясының ірі жабдықтаушылысы болып табылады – компаниясы үлесіне электрэнергиясының генерациясының 40% дейін тиесілі. Құрылыстың бас мердігері ресейлік "ВО "Технопромэкспорт" ААҚ болып табылады, ол энергетикалық нысандардың құрылысына мамандандырылған әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. ЕАДБ несиесі Полоцкая ГЭС-нің гидроторабының кешенді құрылысын қаржыландыруға, соның ішінде жобалауға, құрысықа, қондырғыларды, қосыма бөлшектерді жабдықтауға, монтажға, сынаққа, нысанды пайдалануға беру, персоналы оқытуға бағытталатын болады. Жобаны ұйымдастырудың негізгі мақсаты отын-энергетикалық балансқа жергілікті қайта жаңғыртылатын энергоресурстарды тарту арқылы Беларусь Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Жобаны жүзеге асыру электрэнергиясы өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді, органикалық отынды жылына 35,1 мың тонна деңгейінде үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб сайтында http://www.kase.kz/kz/emitters/show/eabr мекен-жайы бойынша танысуға болады.