"Қазақстан Кағазы" АҚ KZPC1Y05C020 (KKAGb2) және KZPC2Y07C024 (KKAGb3) облигациялары шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді көздеуде

11.03.11 09:52
/KASE, 11.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Кағазы" АҚ (Алматы обл., бұдар әрі - эмитент) Биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. цитата басы 2011 жылдың 10 наурызында эмитент Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігіне облигацияларының мемлекеттік тіркеуі үшін облигациялық бағдарлама шеңберінде бірінші және екінші шығарылым аңдатпаларына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар облигацияларды өтеу мерзімінің ұзартылуын, купондық сыйақы мөлшерлемесінің және оны төлеу тәртібінің өзгеруін, сондай-ақ эмитент қабылдаған, аңдатпаны шектелімдермен (ковенанттармен) толықтыру қарастырылған. цитата соңы