"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) 2011 жылдың 01 қарашасынан бастап iD Net қызметі үшін ай сайынғы төлемнің арзандағаны және "Drive" ақылды телефоны" қызметінің жаңа пакетінің енгізілуі туралы хабарлады

01.11.11 16:55
/KASE, 01.11.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2011 жылдың 01 қарашасындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: 2011 жылдың 1 қарашасынан бастап "Қазақтелеком" Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұратын, абоненттер үшін "iD Net Hit" және "iD Net Light" тарифтік жоспары бойынша iD Net қызметінің ай сайынғы төлемін төмендетеді. Бұған қоса, ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап iD Net қызметінің барлық тарифтік жоспарлары жеке кәсіпкерлер үшін же қол жтемді болады. Сондай-ақ а.ж. 1 қарашасынан бастап "Drive" ақылды телефоны" қызметінің жаңа пакеті енгізіледі. "Drive" ақылды телефоны" қызметінің жаңа пакеті үшін мынадай параметрлер орнатылды: Интернет желісінің ішкі және сыртқы ресурстарына қол жетімділік жылдамдығы: кіріс бағытта 8 Мбит/с дейін және шығыс бағытта 1Мбит/с. "Қазақтелеком" АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі [2011-11-01]