ҚҰБ ҚҚК "Қазақтелеком" АҚ KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KZTKb2) облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

23.12.11 15:05
/KASE, 23.12.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), өзінің KZ2C0Y10D612 (KZ2C00000826, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZTKb2; 1 000 теңге, 45,5 млрд теңге; 30.10.09 – 30.10.19, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,42 %; 30/360).облигациялары шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін KASE-ге ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 06 желтоқсанында тіркеп, "Қазақтелеком" АҚ тіркеушісі туралы мәліметтердің өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZTK/kztkf9b2_izm_061211.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.