"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) компанияның инновациялық даму мәселелері бойынша кеңес болып өткені туралы хабарлады

25.11.11 15:47
/KASE, 25.11.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 25 қарашасында биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, келесі туралы мәлімдеді: цитата басы Үстіміздегі жылдың 25 қарашасында Алматы қ. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Болат Ақшолақов ҚМГ компаниялар тобында инновациялық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді. Осы кеңестің жұмысына сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор Мағзұм Мырзағалиев, "Қазақ мұнай және газ институтының" бас директоры Ұзақбай Қарабалин, ҚБТУ ректоры Ескендір Бейсембетов, "А.Б.Бектұров ат. Химия ғылымдарының институты" АҚ бас директоры Еділ Ерғожин, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және оның еншілес компанияларының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты. Мұнайгаз кешенінің инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ 2011-2016 жылдарған арналған Инновациялық-технологиялық даму бағдарламасы әзірледі. Осы бағдарлама ресурс сақтаушы, экологиялық қауіпсіз өндірістік технологияларды кеңінен қолдану үшін, мұнай өңдеудің тереңдігін, өнім ассортиментін арттыру, кен орындарының қорларын және мұнай беруін ұлғайту, кен шығару көлемдерін көбейту, шығындарды азайту үшін жағдайларды қалыптастыруға бағытталады. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқаларымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_251111.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2011-11-25]